Мектебіміздің директоры, вокал және хор класының оқытушысы шәкірті, 2 класс оқушысы, Болгарияда өткен халықаралық "Речни ноти" байқауының І орын иегері Ақерке Орынбайқызымен "Aqtobe" телеарнасының "Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасында қонақта болып, жетістіктерімен бөлісіп, Нұртуған жыраудың "Қанеки, тілім, сөйлеші" термесін шырқады. Жетістіктеріңіз құтты болсын, шығармашылық табыстар тілейміз.


