15 Желт 2020
Страницы "Әйтеке би аудандық саз мектебі" КММ

Мектеп туралы

Әйтеке  би  аудандық  балалар  саз  мектебі туралы мәлімет

Дарынды балаларға арналған Әйтеке би аудандық балалар саз мектебі 2000 мәдениетті қолдау жылы аясында ашылған болатын.

Міне, содан бері Аудан орталықтарының және ауыл мектептерінің  талай өнерлі жасөспірімдері білім алып жатыр. Өнердің бір неше толқын өкілдері ұядан қияға самғады. Олар ұлттық өнердің қыры мен сырына баулитын шаңырақ табалдырығынан өз қалаулары бойынша домбыра, қобыз, фортепиано, баян, сияқты аспаптардың сиқырлы сазын меңгере, хореография, эстрадалық ән салу класы бойынша әсемдікке, эстетикалық талғамға 618 оқушы  үйренуде. Мектебіміздің жанынан ашылған ауылдық елді-мекендерде Қарабұтақ, Жабасақ, Құмқұдық, Белқопа, Әйке, Аралтөбе, Аралтоғай, Талдысай ауылдарында филиалдарымыз жұмыс жасайды. Өнер жолында оқушыларға 32 оқытушы музыкалық білім беруде.

Білім беру стандарты тек белгілі бір білім деңгейін оқытса, ал баланы шығармашылыққа баулып, оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, сөйтіп жасөспірімдердің өзін үздіксіз жетілдіріп, қосымша білім алуын қамтамасыз ету мектептен тыс мекемелердің тікелей міндетіне жатады.

Шынында да қосымша білім оқыту ғана емес, тәлім-тәрбие берудің таптырмас құралы. Өйткені, ол баланың мектептегі білімін дамытып тереңдете түседі, бос уақытын өнімді әрі тиімді пайдалануға үйретеді, өзінде бар шығармашылық қабілетін жетілдіреді.

Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мәдени мұрасымен, яғни халық композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәтімбет, Естай т. б. классикалық  күйлерімен  байланыстыра отырып жақсарту көзделген. Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, қазақтың ежелгі ұлттық аспаптарын насихаттау арқылы оқушыларды елжандыққа, сұлулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Оқушылардың музыкаға деген ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін ( есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатты кештерде, мейрамдарда ұйымдастырылған мәдени –көпшілік шаралар оқушыларды ортақ бір іске, мақсатқа топтастырып, достыққа, ынтымаққа жетелейді.

Бәрімізге белгілі біздің республикамызда үш кезеңді баспалдақтан тұратын музыкалық білім беру жүйесі ( балалар музыкалық мектебі, колледж, консерватрория) қалыптасқан. Саз мектебінде болашақта кәсіби музыкант болам деген де және әуесқой өнерпаздар да өнердің қалаған саласында оқи алады.  Сондықтан да мектептің оқыту әдістемелік және тәрбие жұмыстарының негізгі бөлігі әуесқойлардың музыкалық сауаттарын ашып, таланттардың өсуіне бағытталып құрылған. Сөйтіп алғашқы музыкалық білім беруді дамыту екі бағытта жүреді:1.Тереңдетілген, яғни болашақ музыка колледжінің оқушыларын, лауреаттарды, мықты кәсіби музыканттарды тәрбиелеу; 2. Жалпылама, кең көлемде қазақ халқының ұлттық дәстүрдегі өнер түрлерін қамтитын музыка жанрларына тәрбиелеу.

Әйтеке би топырағы таланттарға бай. Ақындар мен батырлардың, ғұлама-ғалымдардың елі атанған өлке. Саз мектебінің  түлектері де ауыз толтыра мақтауға лайықты. Өнер жолында білім алып жатқан шәкірттеріміз Саз мектебінің атын ғана емес Әйтеке би жерінің абыройын асқақтатып, өнер туын көкке көтерді. Облыстық, республикалық, байқаулардың жүлдегері.

Республикалық, халықаралық байқауларда аудан намысын қорғап, жүлделі орындардың биігінен көрініп, бір жола өнер саласына бет бұрды. Айта кетер болсақ Нұр-Сұлтан қаласында «Шабыт» академиясы, Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Ұлттық Концерватория,  Ақтөбе    қаласындағы  Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университет Ахмет Жұбанов атындағы колледжде өнер саласына арналған жоғарғы оқу орындарының үздік студенттері грант иегерлері атанды.

 

Жаңалыктар