Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасалады.
Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады.Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын - сауықта бас қосуы.Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.
Бүгін, аудандық "Целинник" мәдениет үйінде аудандық балалар саз мектебінің ұйымдастыруымен "Бастаңғы" ұйымдастырылды. Бастаңғы кешінде әндер айтылып, күй шертілді. Ұлттық ойындар ойнатылып, қойылымдар қойылды.