Сарқыт күні!
Сарқыт – қазақ халқының ырымдары қатарына кіретін, сый-құрмет көрсетудің көрінісі. Той-томалақ, айт, түрлі мерекелер болғанда шақырылған қонақтың, үйіндегі бала-шағасына, келіндеріне дастарханнан «ауыз тисін» деп ала келетін дәмі. Бұл қазақ халқының дағдысында қалыптасып қалған ырым. Дастархандағы қант-кәмпит, ет тағамдарын қуанышымыз сіздің үйге де жұғысты болсын, жолын берсін дегенді білдіреді. Әсіресе, үйінде бала емізіп отырған келіні бар енелер «дәметіп қалмасын» деп дәм алып жүреді. Бұл үйде қалған келін және басқа да балалар той сарқытын тосып отыратынын білдіреді. Қай жағынан алып қарасаңыз да халқымыздың тәрбиесіне жарасымды салттың бірі. Бұл қандайда бір әлеуметтік жағдайының төмендігінен, немесе басқа да адамдық қасиеттерге байланысты емес. Қонаққа келген әрбір адамға сый құрмет ретінде, қуаныштан кәде ретінде, разылығының белгісі және жұғысты болсын деген ниетпен алынатын ырым ретінде саналады. Және рәсімнің бүгінгі күні сақталып қалуы да көңіл қуантарлық жайт.
Сарқыт күніне орай, аудандық балалар саз мектебі жанынан ашылған Қарабұтақ филиалының ұйымдастыруымен Сарқыт күніне орай шара өтті. Шара барысында оқушыларға Сарқыт күнінің ерекшелігі мен сарқыт ұғымына түсініктемелер айтылды. Сонымен қатар, түрлі әндер шырқалып, көріністер қойылды.