06 Сәу 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

Жайлау күні!

Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды.

Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.

Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес.

Осы орайда, аудандық балалар саз мектебі жанынан ашылған Қарабұтақ филиалының оқытушылары "Жайлаудағы бір күн" тақырыбында шара ұйымдастырды. Шарада қазақтың қонақжайлылығы, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың маңыздылығы, ұлттық тағамдар мен киелі ән, күй өнерінің құдыреттілігі туралы түсіндіріліп, қойылымдар қойылды.

 

Жаңалыктар