9 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жылдарындағы Ақтөбе облысы білім саласының дамуы" тақырыбындағы өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға мектеп директоры Берсугирова Шолпан Мазбаевна және аудандық балалар саз мектебі жанынан ашылған Құмқұдық филиалының оқытушысы Абдижаппаров Еркін қатысты.