"ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ТИІМДІЛІК НЕГІЗІ"
Орталық оқытушылары мен аудандық балалар саз мектебі жанынан ашылған Қарабұтақ филиалы оқытушылары арасында "Озық тәжірибе тиімділік негізі" тақырыбында апталық өтуде. Апталық барысында орталық оқытушылары өздерінің күнделікті сабақтарда қолданатын іс-тәжірибелерін, әдіс-тәсілдерін, жаңашылдықтарын ортаға салып, Қарабұтақ филиал оқушыларына ашық сабақтар өткізді.
Ашық сабақ тақырыбы: "Сахналық жүріс түрлері"
Өткізген: Хореография класының оқытушысы Мұңлыбек Ақерке.
Класс жетекшісі және пән мұғалімі: Ақмалаева Зайгүл (Қарабұтақ филиалы)