Ән әлемінің саңлағы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды.
Бүгін, 11 ақпан күні вокал класының оқытушылары Қоңыратбаева Аида мен Кәдіров Қасымбектің ұйымдастыруымен ән әлемінің саңлағы Роза Бағлановаға арналған "Ұлттың үні" ашық тәрбие сағаты өтті.
Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Роза Бағлановаға биыл 100 жыл толып отыр. Әнші, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында теміржолшылар отбасында дүниеге келген.
1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, жаралыларға жігер беріп, зұлым жауға қарса аттанатын ерлерге қуат берген. Оның орындауындағы "Кестелі орамал", "Ах, Самара, городок" әндері ел арасында ерекше танымал болды.