"Балалар жылына" орай мектебіміздің "Мектеп Парламенті" оқушылары, тәрбие ісі орынбасары Г.Қалмағанбетова және қазақ музыка, шетел музыка әдебиетінің оқытушысы Ж.Абдуллаеваның ұйымдастыруымен "Жұмбақтар әлеміне саяхат" сайысы басталды.
Сайыс 2 аптаға құрастырылған, яғни, сайыс 10 ақпанда аяқталады.
Сайысқа мектеп оқытушылары мен оқушыларынан құрылған 6 команда қатысады. Әр топта 15 қатысушыдан болады.(3 мұғалім және 12 оқушы)
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
Мақсаты: оқытушылар мен оқушылардың қарым-қатынастарын нығайту, оқушыларды логикалық ойлауға және сыни ойлауға қалыптастыру болып табылады.
Бүгін барлық командаға алғашқы тапсырмалары, яғни, жұмбақтары берілді.
Әр топтың келесі кезеңге өткендігі туралы хабарлап отыратын боламыз.