28 Желт 2021
Тәрбиелік іс-шаралар

Мектеп ұжымы Татарстанға (Қазан қаласы) барып, өз өнерлерін көрсетіп келді

Мектеп ұжымы Татарстанға (Қазан қаласы) барып, өз өнерлерін көрсетіп келді. Қазан қаласында Татарстан Қазақстанның мәдениет күндері өтті. Қос елдің дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара аясында Қазан қаласындағы қандас ағайындар қазақ мәдениетінен рухани азық алып қайтты. Қазан қаласының мәдениет орталығында қазақ елінің асхана мәдениеті туралы этнографиялық көрме қанат жайды. Онда қонақтар кең-байтақ отанымыздың сұлу табиғаты мен көрікті орындарын тамашалап, қазақ жазушыларының түрік тіліне аударылған туындыларымен таныса алды. Бұл шараның ең басты мақсаты Елбасымыздың рухани жаңғыру үндеуінің шеңберінде өтіп жатыр десек болады. Осының арқасында бай қазақ елі бар. Өнері мен әдет-ғұрпы түркі халықтарының ішіндегі ең бай екенін көрсету мақсатымен өткізіп жатырмыз. Барлық түркі халықтарына, оның ішінде бауырлас, дос қазақ-татар халқына осы мерекеміздің ұлылығын ұғындырдық. Қазақстанның РФ Татарстанның Қазан қаласындағы мәдени күндері қазақ өнерпаздарының Қазан қаласы төрінде қойған көңілді концертімен әрлене түскендей. Мерекелік кешке қос елдің мәдениет саласының өкілдері мен дипломаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жергілікті қазақ диаспорасы қатысты. Жиылған көпшілік қазақтың ұлт-аспаптарының сүйемелдеуімен халық әндері мен күйлерін тыңдап, мың бұралған бишілердің өнерін тамашалады. Концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Көрермен әрбір өнерпазды өте ыстық ықыласпен қарсы алды. Біздің ауданның көркемөнерпаздары Татарстан Республикасының өнерсүйер қауымы үшін қазақтың ұлттық өнерін паш етіп, әнін шырқады. Сондай-ақ жергілікті халыққа тосын сый жасау мақсатында мерекелік кеште Тарар ұлтының танымал музыкалары мен билерін де орындап шықты. Еліміздің өнерін көрермен жақсы бағалады. Кештен әдемі әсерленіп қайтқан Қазан қаласының тұрғындары "Осындай шаралар арқылы халықтар бір-бірлерінің мәдениетін, дәстүрін жақыннан тани бастайды"," Ортақ тұстарымыз да өте көп екен", "Мұндай концерт жиі өткізіліп тұрса деймін"-деген ақ тілектерін жеткізді. Ұлы достық пен ынтымағымыз жараса берсін деген тілекпен біздің өнерпаздар да қалың көрерменмен қимастықпен қоштасты.

Жаңалыктар