"Мектеп парламенті" Президенті Рахманова Ақнұр өзінің бағдарламасына сәйкес жұмыстарын бастады. Соның бірі "Қабырға газетін" ұйымдастыру. Бүгінгі шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды. Тәуелсіздіктің жетістіктері, Тәуелсіздік жолындағы жүріп өткен ата-баба жолдарын т.б тақырыптардағы суреттер салынып, қабырғаға ілінді. Әр класс, класс жетекшілерімен бірге плакаттарға суреттер салып, өз жұмыстарын ұсынды. Жетекшілері: хореография класының оқытушысы Еркебұланқызы Ақбота және домбыра класының оқытушысы Жәмиев Заманбек