4 қараша күні Әйтеке би аудандық балалар саз мектебі және жанынан ашылған филиал оқытушыларының қатысуымен І тоқсанның қорытынды педагогикалық кеңесі өтті.
Күн тәртібінде І тоқсан техникалық сынақтардың қорытындысы туралы айтылды. Оқу ісі меңгерушісі Асқарқызы Жазық, тәрбие ісі орынбасары Гүлдана Қалмағанбетова және кәсіподақ төрайымы Әбдір Бисара есеп беріп, осыған дейінгі атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Сонымен қатар, ағымдағы мәселелер қамтылып, бір ауыздан қорытынды шешімдер қабылданды.