22 қазан күні "Мектеп Парламентінің" Президенті анықталды. Мектеп Парламентінің Президенті хореография класының 4-класс оқушысы Рахманова Ақнұр сайланды. Сонымен қатар, 8 үміткер "Экология және еңбек"," Спорт", "Білім"," Дебат қозғалысы", "Қамқорлық"," Ақпарат", "Мәдениет" фракция жетекшілері болып сайланды. Мектеп Парламентінің оқушыларына алдағы мектеп өміріндегі іс-шаралар, қоғамдық шаралардың ұйымдастырушысы ретінде сенім артылды. Мектеп директоры Берсугирова Шолпан Мазбаевна оқушыларға сәттілік пен көшбасшылық қадамдарына ақ жол тіледі. Оқушыларға сәттілік тілейміз.