22 қазан күні вокал класы оқытушыларының ұйымдастыруымен "Ескірмеген есті ән" тақырыбындағы ретро ән байқауы өтті. Байқауға мектебіміздегі домбыра, хореография, дәстүрлі ән, фортепиано мамандығының оқытушылары қатысты. Байқауға қатысқан оқытушылардың өнері жоғары деңгейді болды, қатысушылардың әнді орындауы, сахна мәдениеті және киім үлгісі мен ән барысындағы сюжеттік қойылымдары бағаланды. Нәтижесінде, "Нурикамал" әнімен Бас Жүлде домбыра класының оқытушысы Әбдір Бисараға бұйырды. Жүлделі І орынды "Қырманға кел, қалқатай" деп ән шырқап, қырманның көрінісін көрсеткен домбыра класының оқытушылары Қалибеков Ерболат, Таңатаров Дәулет және хореография класының оқытушысы Қуанышбекқызы Карина жеңіп алды. Күз мезгіліндегі адамның көңіл-күйін қағаз бетіне түсіріп, ақындардың бейнесін ашқан домбыра класының оқытушысы Әбдір Бисара мен қазақ музыка және шетел әдебиетінің оқытушысы Абдуллаева Жазира "Наз" әнімен ІІ орынға ие болды. Ал жүлделі ІІІ орынды "Ескегіңді берші маған, Мен есейін, сен еспе" деп жігіттің қызға деген сезімін білдірер "Қайықта" әнімен дәстүрлі ән класының оқытушысы Сақтапбергенова Аружан мен домбыра класының оқытушысы Асу Дәурен иеленді. Мектеп директоры Берсугирова Шолпан Мазбаевна кеш соңында ұйымдастырушылар мен оқытушыларға алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Барлық қатысушыларға әр оқытушының есімі бар ағаш бұйымынан жасалған қалам сандықшасы табысталды.