Мектебіміздің Президенттігіне үміткер оқушылар екі апта аралығында ұстаздар мен оқушыларға өздерінің бағдарламаларын ұсынып, таныстырды. 14-15 қазан күндері мектеп ұстаздары мен оқушылары өздеріне ұнаған үміткерді таңдап дауыстарын берді. Сайлауға дауыс беру аяқталғандығын хабарлаймыз! 17 қазан күні мектеп Президенті анықталатын болады! Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!