Аудандық балалар саз мектебінде «Мектеп парламентіне» үміткер оқушылар анықталып, 9 оқушы кандидаттыққа түсіп, сайлауға түсті.
Мен, Асланқызы Томирис, аудандық балалар саз мектебі вокал мамандығының 5-класс оқушысымын.
Мектеп Президенттігіне үміткермін! ☑️
Өмілік ұстанымым: "Барлық күш-жігерімді жақсы көретін іске жұмсаймын"
Осы өмірлік ұстанымды орындай отыра мен барлық армандарыма қол жеткіземін. Адам тек өз жақсы көретін ісімен ғана айналысу керек деп есептеймін.
Сіздерге ұсынатын бағдарламам:
✔️Жыл сайын өткізіліп келе жатқан жәрмеңкелерді мектеп оқушыларымен бірге ұйымдастыру;
✔️Кластар арасында вокал, би, домбыра,дәстүрлі әннен сайыстарды ұйымдастыру;
✔️Суретке қызығушылығы бар оқушылардың талантын ашып,олар өз жұмыстарын көпшілік алдына ұсыну.
✔️Мектепке танымал тұлғаларды үнемі шақыру;
✔️Психологиялық тренингтер өткізу.
✔️Қайырымдылық қорын ашып,жәрмеңке өткізу.
✔️Мектепшілік жарыстар өткізу (әртүрлі сферада)
Маған дауыс беріңіздер! ☑️☑️☑️
Сенімдеріңізді ақтаймын!