Әйтеке би аудандық балалар саз мектебі жанынан Ақтасты филиалы (домбыра ансамбль класы) ашылып, 38 оқушы қабылданды.
Домбыра ансамбль класының жетекшісі: А.Сағатов
Ақтасты филиалына қабылданған оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Ш.М.Берсугирова сөз сөйлеп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп ережесі, оқу жарнасы, сабақтың өту барысы, сабақ кестелерімен таныстырды. Тапсырылатын құжат түрлерімен таныстырып, ата-аналардан өтініштер толтырылды және келісім шартқа отырды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді және ата-аналар айтқан ұсыныс, пікірлерін тыңдады.
Барлық Ақтасты ауыл тұрғындарын жаңа филиалдың (домбыра ансамбль класы) ашылуымен құттықтаймыз. Алдағы уақытта бірігіп, көптеген жұмыстарды атқарамыз деп сенеміз!
#филиал