Мектеп Парламентінің мүшесі, "Мәдениет" фракциясы Басуханова Сабина өз бағдарламасына сәйкес жұмыстарын жалғастыруда...
Мектеп Парламентінің жұмысына сәйкес және "Балалар жылына" орай мектебімізде "Қызық екен" ойыны ұйымдастырылды. Ойынға 3 команда қатысты. Команда құрамында 2 оқушы, 1 оқытушы және М.Жұмабаев атындағы ЖББОМ ұстаздары Ринат ағай пен Жаңагүл апай және аудандық білім бөлімінен Құралай апай кеш қонақтары болып өз өнерлерін көрсетті. Әр командаға қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, қызықты жауаптар алынды. Түрлі тапсырмаларға эксперименттер жүргізілді. Ойын соңында командаларға мектеп директоры Берсугирова Шолпан Мазбаевнаның арнайы Алғыс хаты табысталды.
Жетекшілері: А. Қоңыратбаева. Қ.Кәдіров