22 Сәу 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

Мектеп Парламентінің жұмысы

 Мектеп Парламентінің жұмысы

Мектеп Парламентінің мүшесі, "Спорт" фракциясы Асланқызы Томирис өзінің бағдарламасына сай жұмыстарын жалғастыруда...

20 сәуір күні мектебімізде "Балалар жылына" орай және Мектеп Парламентінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп оқушылары арасында "Топ жарған" эстафеталық сайысы өтті. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстау, спортпен айналысуға бағыттау болып табылады. Сайысқа 4 топ қатысты. Сайыс барысында қызықты тапсырмалар мен ойын түрлері ұйымдастырылды. Оқушылар сайысқа қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар табысталып, естелік сыйлықтар таратылды.

Жетекшілері: Ж. Абдуллаева, Г.Тулепбаева

 

Жаңалыктар