06 Сәу 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

Бата беру күні!

Бата беру күні!

Бата беру күніне орай, мектебіміздің ер мұғалімдері арасында "Батамен ел көгерер" бата беру сайысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде:

І орын—Ысқақ Самат

ІІ орын—Таңатаров Дәулет

ІІІ орын—Асу Дәурен

Сайысқа қатып өз өнерлерін ортаға салған ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Жеңістеріңіз құтты болсын!

Ескірмеген салттың бірі – бата беру. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өміріне тигізер әсері зор болғаны тарихтан белгілі. Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатынына халық ешқашан күмән келтірмеген.

Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық бата жасалған жерде жақсылыққа сеніп, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды.

Жалпы батаның мазмұны қазақ қоғамында алғыс пен қарғысты да, тілек пен дұғаны да, ризашылық пен ренішті де қамтиды. Сол арқылы халықты бір нәрседен тыйып, бір нәрсеге бағыттап отыратын әмбебап ұғым. Ол тікелей батагөйлердің беделіне қарай халыққа әсер еткен. Батагөй қариялар ел арасындағы жақсы істің іске асуына рухани демеу болып, жаман істің алдын алып, құптамай халыққа бағыт – бағдар беріп, тәрбиелеп отырған дейді зерттеушілер.

Жаңалыктар