Жас мамандар апталығының жұмыс жоспарына сәйкес хореография класының оқытушысы Мұңлыбек Ақерке мен домбыра класының оқытушысы Асу Дәуреннің интеграциялық сабағы өтті.
Мақсаты: пәнаралық байланысты жетілдіру, оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Осы орайда мұғалімнің негізгі ұстанатын мақсаты—білім берудің жаңа үлгісін жасап белгілі бір көлемдегі білім мен іскерлік дағдыларын меңгерту үшін оқу мен тәрбие үдерісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіре отырып, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу қажет.